«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 13.07.25

1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамыр күні Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Миллиондаған жазықсыз зардап шеккен құрбандардың тағдырын ешкім ойдан құрастырған жоқ. Саяси қуғын-сүргін тарихымыздың қорқынышты беттеріне айналды. Жазалау жүйесі мүлдем жазықсыз адамдармен күресіп, өзіне жау ойлап тапты, содан кейін бұл адамдарды аяусыз жойды.

16 мамыр күні Федоров аудандық орталық кітапханасына  тарихты зерттеу тобының өкілдері А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Экономика және құқық институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Табулденов Әлібек Нұрмағанбетұлы мен профессор Айтмұхамбетов Айдар Абайұлы ата-анасы қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалармен кездесті.

Әлібек Нұрмағанбетұлы мен Айдар Абайұлы басынан өткен оқиғаларға қатысты белгісіз фактілерді іздестірумен және өңдеумен, сондай-ақ Қостанай облысының аймақтарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының тізімін жаңа есімдермен толықтырумен айналысады. Кездесуге Налгиев Алихан Саварбекович,  Ажигов  Борис  Султанович, Евлоев Беслан Султанович, Евлоев Лидия Рейнгольдовна, Гинкель Анна Семеновна, Гинкель Раиса Семеновна, Нагайко Светлана Романовна шақырылды. Бұрын өмір сүрген ұрпақтар алдындағы адамгершілік борышымызды өтеу үшін, сұмдық оқиғалардың қайталануына ешқашан жол бермеу үшін өткенді еске алу керек.