«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жексенбі, 13.07.25

Бейбітшілік пен нұрлы үміт мерекесі

28.04.2023

27 мамырда Федоров орталық аудандық кітапханасында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бейбітшілік пен нұрлы үміт мерекесі» тақырыбында әдеби - музыкалық кеш өтті. 1 мамыр – халықтар бірлігі, қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштық жолында өмірін адал еңбекпен құратын, еңбек етуді білетін және сүйетін әрбір адам үшін маңызды мереке. Бұл 150-ден астам ұлт пен ұлыс тұратын елдің бейбіт өмір сүруі үшін өте қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Кітапханашылар ұлттық киіммен мерекенің пайда болу тарихы, республикамыздың аумағында тұратын этникалық халықтардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы айтып берді. «Жастар» МҮ мамандары А. И. Пилипенко, Г. Қайсарова, Е. Салафетова, Е. Запоражану қазақ, неміс, молдаван тілдеріндегі әндерінің шын жүректен орындауымен қуантты. Қатысушылар «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» кітап көрмесімен танысты.