«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 15.07.25

Банновка  модельді кітапханасының «Золотая пора» клубының мүшелерімен «Шипалы шөптердің құпиялары» атты пайдалы кеңес сағатына өткізді. Қатысушылар кәдімгі шөптердің адам денсаулығына қалай көмектесетінін, емдік қасиеттерін бүлдірмеу және сақтау үшін өсімдіктің қандай бөліктерін дұрыс жинау керектігі туралы білімдері мен кеңестерін айтты. Кітапханашы тақырып бойынша кітаптарды ұсынды. Іс-шара пайдалы шөптер мен жеміс-жидек өсімдіктерінің шайынан дәм татумен аяқталды.