17 сәуірде Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов шығармашылығын зерттеуші ғалым, жазушысы, Қазақстанның журналисі Жұмағали Ысмағұловтың туғанына 95 жыл толады. Осы күнге орай Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары тақырыптық сөре әзірледі, онда оқырмандарға оның О.Бальзактың «Адасқан елестер», Стендальдің «Қызыл мен қара» , «Жағалау», Ю.Бондаревтің «Таңдау» романдарының қазақ тілінедегі аудармалары және т.б., сондай-ақ Жұмағали Ысмағұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы жинақтау папкасы ұсынылды.