«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 14.07.25

2023 жылдың 6 сәуірінде Пешковка және Банновка ауылдарында ауыл тұрғындарын рухани мәдени құндылықтармен таныстыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының бастамасымен «Өнер керуені» жобасы іске қосылды.

Жоба аясында белгілі қостанайлық жазушы, ұстаз Александра Ильинична Суслова мектеп оқушыларымен  шығармашылық кездесуі өткізді. Мәдениет үйлерінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ауыл тұрғындарына көшпелі көрме, Е.Өмірзақова атындағы Қостанай облыстық филармониясының әртістері концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.