«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 14.07.25

Күй – көп жылдық халық өнерін бойына сіңірген, табиғаттың сан алуан көріністерін музыкалық күйде бейнелейтін қазақтың халық аспаптық шығармасы. Атақты күйшілердің бірі – Құрманғазы Сағырбайұлы. Оның күйлері ғасырлардан өтіп, бүгінгі күнге жетті. Ұлы күйшіні еске алу мақсатында Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Құрманғазы – кемеңгер күйші» атты кітап көрмесіне дайындады , онда ұлы күйшінің өмірі мен шығармашылық жолын бейнелейтін  «Құрманғазы күйлер», Кенжалиева И, «Құрманғазы»,  ​​Ғизатова Б. «Күйден симфонияға» және т.б. кітаптары  жинақталды.