Федоров орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары әзіл мен күлкі күні қарсаңында «Төрт мезгіл» клубының мүшелеріне «Көбірек күл, ұзақ өмір сүр» атты әзіл-сықақ бағдарламасын өткізді.
Қонақтарға мерекенің тарихы туралы қызықты мәліметер дайындалды, кітапхана қызметкерлерінің орындауында А.С.Пушкиннің «Салтан патша туралы ертегісінің» заманауи нұсқасын көрініс көрсетті. Жиналған қонақтар сайыстарға, ойындарға қатысып, әзіл-сықақ бейнероликтеріне күлді. Шара соңы шай дастарханымен аяқталды.