«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 14.07.25

Лесной ауылдық кітапханасында балалардың бала кезінен белгілі «Бауырсақ» ертегісін тамашалау арқылы ертегілер әлеміне сүңгуіне арналған іс-шара өтті. Кездесудің басында балалар қандай ертегілер мен кейіпкерлерді білетіндерін айтты, ертегі тақырыбында жұмбақтарды тапты. «Калейдоскоп» клубының мүшелері ертегінің театрландырылған көрінісін көрсетті. Содан кейін балаларға әртүрлі тапсырмалар ұсынылды: лабиринт арқылы өтіп, Бауырсаққа достарын жинап,үйге жету үшін дұрыс жолды таңдап, ертегі кейіпкерлерін бояйды. Барлық тапсырмаларды сәтті орындаған балалар естелікке суретке түсті.