Федоров орталық аудандық кітапханасының оқу залында Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің отбасылары мен ауыл тұрғындарының қатысуымен «Бақытты отбасы – зорлық зомбылықсыз әлем» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Тұрмыстық зорлық – зомбылық қоғамның құрылымын бұзады. Бұл оңай мәселе емес, оны шешуге қоғамдық құрылымдардың, мемлекеттің әрбір азаматы қатысуы қажет. Іс-шараның тақырыбы қатысушыларды бей-жай қалдырмай, көптеген пікірлер айтылып, мәселе әр қырынан қарастырылып, белгілі бір тұжырымдар жасалды. Қатысушылар отбасындағы зорлық-зомбылықтың себептері туралы ой қозғады, олардың арасында: жұмыссыздық, маскүнемдік пен нашақорлық, азаматтардың құқық мәселелерін білу деңгейінің төмендігі. Қорытындылай келе, қатысушылар көтерілген мәселенің маңыздылығын атап өтіп, оны тиімді шешу үшін барлық мүдделі тараптардың жүйелі және кешенді көзқарасы қажет екеніне сенім білдірді. Іс-шара тақырыбы әлеуметтік бейнероликтармен толықтырылды.