Федоров атындағы орталық аудандық кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар аясында «Аманат» партиясының төрағасы Резник А.С. және қоғамдық кеңес өкілі Шашкова З.А. - ның қатысуымен дөңгелек үстел өтті.Іс-шара барысында Артем Сергеевич пен Зоя Андреевна жиналғандарды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаттары мен міндеттерімен және қызметі сыбайлас жемқорлық көріністерін ашуға және алдын алуға бағытталған жұмыстармен таныстырды; «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мәнін ашты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нағыз ұлттық басымдық болып табылатынына және мемлекет сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге айтарлықтай күш салып жатқанына баса назар аударылды.