Ұлттық қонақжайлық
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Федоров атындағы аудандық орталық кітапханасы өз оқырмандарын жомарт дастарханмен қарсы алады. Әр күннің өз аты мен салт-дәстүрі бар. 20 наурыз – Даналық пен білім күні. Бұл күні ауыл тұрғындарына кітапханада «Құт Наурыз» атты ұлттық қонақ жайлылық көрсетілді. Кітапханашылар жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтап, Наурыз мейрамының тарихы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық тағамдары, ойындары, қазақтың ұлттық киімдері мен әшекей бұйымдары туралы айтып берді. Іс-шараны танымдық бейнероликпен аяқтады.