Федоров атындағы орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары жастарға экологиялық тәрбие беру мақсатында әлеуметтік желі қолданушыларына «Таңғажайып жануарлар» ақпараттық бейнероликімен танысуды ұсынады. Еліміздің жабайы табиғатында тіршілік ететін және жойылу алдында тұрған сирек кездесетін жануарлар түрлері туралы айтылады. Қазақстанның флорасы мен фаунасы ерекше. Мемлекет аумағында құстардың, сүтқоректілердің, жәндіктердің және өсімдіктердің тек біздің табиғатымызға тән ондаған түрлерін кездестіруге болады. Жануарлар әлемінің көптеген өкілдері Қазақстанның нағыз рәміздеріне айналып, ерекше қорғауда.