Ежелгі заманнан бері Қазақстанда наурызды 10 күн тойлау дәстүрі сақталған. Әр күннің өз атауы мен әдет-ғұрпы бар. 15 Наурыз – табиғат күні (Жайлау күні). Табиғатпен қоршалған өмір қазақтардың көшпелі дүниетанымының бір бөлігіне айналды, сондықтан экологиялық, зияткерлік сананы дамытуға және өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсартуға ықпал ететін аумақты абаттандыруға назар аудара отырып, күнді табиғатта өткізу маңызды. Бұл күні Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары кітапхана маңындағы аумақты қардан тазартып, содан кейін гүл отырғызды.