«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25

     «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Жастар» аудандық мәдениет үйінде «Туым – теңдігім, елтаңбам –елдігім, әнұраным - айбыным» ХVII –ші халық шығармашылығы байқауының аудандық гала-концертінің қорытындысын өткізу барысында, Федоров ауданының кітапханашылары «Ой ұшқыны және қол шеберлігі...» атты сәндік-қолданбалы шығармашылық көрмесін ұйымдастырды.

Көрмені ұйымдастыруға ауданның барлық ауылдық округтері қатысты. Экспонаттар өндірістің жоғары эстетикасы, түрлі техникалық және шығармашылық нәтижелерімен ерекшеленді. Ұсынылған жұмыстар кесте, тоқыма, бисерден, оригами, тұздалған қамырдан, макраме және т.б. әртүрлі тәсілдермен жасалған. Барлық жұмыстар мерекеге келген қонақтардың көңілінен шықты.