Күн мен түннің теңелуімен көктемгі жаңару күні жақындап келеді. Наурыз мейрамын барлық қазақстандықтар асыға күтеді. «Наурыз» – көктемнің келгенін білдіреді, бұл махаббат пен достық салтанатының уақыты. Осы мерекеге орай Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Наурыз - бірлік, махаббат және жаңару уақыты» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге мерекенің пайда болу тарихы, қазақтың ұлттық дәстүрлері, ойындары, киімдері мен тағамдары туралы әдебиеттер орналастырылды.