Қыз сыны байқауы
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Қыз еркем - өнерімен көркем» тақырыбында қыз сыны байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді болуға , әсемдік сұлулық әлемін білуге тәрбиелеу. Іс-шара «Сәлем - сөздің атасы», «Өнер сайысы», «Сән сайысы», «Бұрымды қыз», «Дәм думан» деген бес кезеңнен тұрды. Байқауға жалпы саны бес ару қыздарымыз қатысты. Іс -шара «Жастар» мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Бейбітхан Арғынбектің «Бір шәугім шәй» әуенімен басталды. Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин атындағы 4-сынып оқушыларыда кешімізге әсем әндерін тарту етті. Аруларымыздың өнеріне «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдеріді дамыту бөлімінің ОАКЖ» КММ басшысының міндетін атқарушы Каракпаева А.О. және әдіскері Лукаш С.А., заң қызметкері Шмарева Т.А. төрелік етті. Қорытынды барысында «Федоров ауданы білім бөлімі Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 4 «Б» сынып оқушысы Лымарь Ксения бірінші орынға, «Федоров ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 4-сынып оқушысы Талғатқызы Сезім екінші орынға және 5-сынып оқушысы Айбекқызы Гауһар үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар Айбекқызы Інжу «Өнерлі қыз» номинациясымен және Алдаберген Тоғжан «Көктем аруы» номинациясымен марапатталды. Барлық қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Іс-шараның соңы қатысушыларға арналған дастарханға ұласты.