«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Дүйсенбі, 14.07.25

Биыл жастайынан ақындық өнерімен елге танылған тілге шешен, тапқыр, ойға жүйрік Шал ақынның (Тілеуке Құлекеұлының) туғанына 275 жыл. Оны және оның шығармашылығын еске алу мақсатында Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашысы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушыларымен «Асыл сөздің атасы» тақырыбында әдеби қонақжайын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірбаянымен және оның шығармашылығымен таныстырылды. Сонымен қатар, викториналық сұрақтар қойылды.