«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 15.07.25

«Бірге оқимыз, дауыстап оқимыз» акциясы

02.03.2023

1 наурыз күні Костряков ауылдық кітапханасында «Бірге оқимыз, дауыстап оқимыз» акциясы аясында Абайдың «Қара сөздері» оқылды. Ұлы Абайдың сөздері біздің заманымызда үндес. Кітапхана оқырмандары заманауи мәселелердің аспектілерін жас ұрпақ үшін мәдени және тәрбиелік маңызы тұрғысынан қарастырды. 17-ші қара сөзді оқығаннан кейін ерік, ақыл мен жүрек бір – бірін үйлестіріп, толықтыруы керек деген қорытындыға келді. Содан кейін адам өз іс-әрекетіне кемелді болады, бұл қасиет адамгершілік деп аталады. Ал, 33-ші қара сөзінде жас ұрпаққа кәсіп үйренуге, жалқаулыққа берілмеуге, мұнымен тоқтап қалмай әрі қарай әрекет ету туралы айтылған.