«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 15.07.25

Өмірде ерлікке әрқашан орын бар

02.03.2023

Алғыс айту күні қазақстандықтар үшін жыл сайын маңызды бола түсуде. Бұл күні игі істер жасап, адамдарға көмек қолын созғандарға алғыс пен ризашылық білдіру әдетке айналған. Әсіресе, осы күні біздің заманымыздың батырларын еске алғым келеді.Новошумный ауылдық кітапханасында 5 сынып оқушыларымен «Өмірде ерлікке әрқашан орын бар» тақырыбында батылдық сабағы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: «батырлық», «ерлік», «батылдық» ұғымдары туралы түсінік беру, сондай-ақ қазіргі өмір тарихындағы батырларымызбен таныстыру. Балалар мысалдар келтіріп, батырлардың іс-әрекеттеріне тәнті болды. Қорытындылай келе, өрт сөндірушілер, полиция, құтқарушылар ғана емес, қарапайым адамдар да батыр бола алады деген қорытындыға келді.