«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 15.07.25

Жыл сайын наурыздың бірінші сәрсенбісінде Дүниежүзілік дауыстап оқу күні өткізіледі. Биыл қазақ әдебиетін дамытудың жаңа жолдарын ашқан қазақтың ұлы ұлдарының бірі Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» дауыстап оқу таңдалды. Федоров аудандық балалар кітапханасы «Бірге оқимыз, дауыстап оқимыз!» облыстық акциясы аясында Ы. Алтынсарин атындағы мектептің 6-сынып  оқушыларымен «Абайдың қара сөздері» тақырыбында дауыстап оқу сағатын өткізді.  Акцияның мақсаты бүгінгі ұрпақтың Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқуға, тануға ынталандыру. Абайдың қара сөздері өз уақыты үшін де, бүгінгі күні де құнды. Іс-шара соңында оқушылар Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін орындап, көтеріңкі көңіл-күйде тарасты.