«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 13.05.25

Жаңа жыл және қысқы демалыс кезінде Новошумный ауылдық кітапханасында мерекелік іс-шара өтті.

Безендіруде сәнді шырша, шамдар, жаңа жылдық плакаттар, «Зимушка-зима» кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Келушілер кітапхананың ұйымдастырған іс-шарасына қатысты. Балалар жазушысы К.И.Чуковскийдің туғанына 135 жыл толуына орай балалар жазушының жұмысымен және өмірбаянымен танысып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, жазушының сүйікті туындыларын оқыды. Жаңа жыл шыршасындағы шамдар аясындағы «Кітапханадағы жаңа жалдық ғажайып» іс-шарасында балалар Ақшақарды, Аяз атаны, Жалмауыз кемпірді қарсы алды. Аяз ата балаларға сұрақ жасырды балалар үлкен қызығушылықпен жауап берді. Ертегі кейіпкерлерімен бірге «Жаңа жылдық ассорти» викторина –презентациясына қатысып,  сұрақтарға жауап беріп, қыс туралы қандай ертегілер білетіндіктерін, суреттер бойынша кейіпкерлер мен ертегілердің атауын тауып, ертегі кейіпкерлерін дұрыс ажырата білді. Мерекенің соңында Аяз ата балаларға тәттілер сыйлап, барлық жақсылықты тіледі.