«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сейсенбі, 15.07.25

Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Денсаулығыңды күт» ойын – саяхатын өткізді. Іс–шара ауырмай, мықты және дені сау болып өсу үшін денсаулыққа қалай қамқорлық жасау керектігі, сондай-ақ «Оқушының салауатты өмір салты» ұғымы туралы әңгімеден басталды. Әрі қарай балалар «Спорт», «Денсаулық әліпбиі», «Дәрумен», «Тазалық» станциялары бойынша саяхатқа шықты. Оқушылар конкурстарға қатысып, сұрақтарға жауап берді. Жұмбақтар шешіп, халық мақал–мәтелдерін еске алды. Соңында көңілді мәре спорттық сайысына атсалысты.