«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 16.07.25

Төлен Әбдіковтің айтылмаған ақиқаты

30.01.2023

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 9 сынып оқушыларымен «Төлен Әбдіковтің айтылмаған ақиқаты» тақырыбында әдеби портретін өткізді. Іс-шара барысында оқушылар автордың өмірбаянымен және оның шығармашылығымен таныстырылды. Кітапханашы кейбір шығармаларын («Ақиқат», «Оң қол», «Біз үшеуміз едік») толығырақ айтып берді. Әңгіме тақырыптық слайдпен сүйемелденді. Төлен Әбдіковтің прозалық шығармалары Қазақстанда да, одан тысқары жерлерде де көптеген оқырмандарға бұрыннан белгілі. Оның шығармашылығы – повестьтер мен әңгімелерден тұратын прозаның шағын формалары. Оның туындылары көбіне – адамның тағдыры жайлы.