«Қазақстанның рухани киелі жерлері» Жобасы аясында, Орталық аудандық кітапхана 2018 жылдың 18 қаңтарында №1 ОМ жоғары сынып оқушылары үшін «Қостанай облысының киелі жерлері» ауызша журналы өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Қостанай облысының республикалық және жергілікті маңызға ие киелі жерлерінің тарихы туралы білді: Кейкі батыр кесенесі, Амангелді Имановтың жерленген жері, Ыбырай Алтынсариннің кесенесі, Торғай геоглифы (Үштоғай шаршысы, Торғай белгісі, Шилі шаршысы), «Екідің» және т.б. Біздің өңіріміздің тарихи-мәдени құндылығын зерттеу мақсаты болып табылатын «Іздеуші» жобасын жүзеге асыруға айрықша тоқталдық. Ауызша журнал презентациямен және бейнероликпен өткізілді. Іс-шара соңында жоғары сынып оқушылары облысымыздың киелі нысандарының картасымен танысты және де ауызша журналды оқу кезінде танысқан нысандарды белгілеп қойды.