«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 16.07.25

Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі драматург, жазушы Төлен Әбдіковтің шығармашылығы таңдалды. Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары оқырмандарға Төлен Әбдіковтың өмірбаяны туралы «Таңдамалы», «Әке», «Парасат майданы», «Ақиқат» атты шығармаларымен, әдебиеттерімен танысуды ұсынатын «Ақиқатты тынымсыз іздеуші» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Оның кітаптары әлемдік классикалық әдебиеттің үздік шығармаларымен қатар тұр, автордың шығармашылығы адамгершілік, адалдық және тазалық мұраттарына қызмет етеді.