«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 16.07.25

Сыбайлас жемқорлықпен күрес: сөзден іске Ұзақ уақыт бойы қоғам сыбайлас жемқорлық мәселелерін талқылаудан аулақ болды. Қазіргі уақытта бұл тақырып кеңінен талқылануда. Ал, кітапханалар жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі – әдептілік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың кез келген көріністеріне теріс көзқарас және сыбайлас жемқорлыққа қарсылық қалыптастыру. «Парасат жолы» орталығында Федоров ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің өкілі Недбайло Ольга Григорьевнамен М. Мәметова атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен диалог алаңы өтті. Ольга Григорьевна ауданымызда сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысының қалай жолға қойылғаны туралы айтып, ал оқушылар талқыланып жатқан тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді. Іс-шараның соңында барлық қатысушылар «Заң және сыбайлас жемқорлық» кітап көрмесінің материалдарымен танысты.