«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 18.07.25

Баннов модельдік ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Біздің мұрамыз» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнама екі сұрақтан тұрды: Сіз Қазақстанның қандай жазушыларын білесіз? Сіз қандай шығармалармен таныссыз? Акцияға 15 жастан 35 жасқа дейінгі 25 адам қатысты. Сауалнама барысында қатысушылардың Қазақстан әдебиетімен таныс екендігі анықталды: жазушылар мен олар жазған шығармаларды біледі. Алынған нәтижелер бойынша кітапханашы: «Біздің мұрамызды» білу 90% құрайды, ал кітаптар жастардың сұранысына ие болып келеді.