15 қараша – Қазақстанда ұлттық валюта күні аталып өтіледі. «Федоров арнайы қызмет көрсету орталығы» КММ-де тұратын жандар үшін Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «ҚР Ұлттық валютасы» тақырыбында ақпараттық дәрісханасын өткізді. Кітапханашылар ақшаның пайда болу тарихы, оны адамзаттың тарихи дамуында қолдану және олардың қазіргі өмірдегі рөлі туралы айтып берді. Іс - шара «ҚР Ұлттық валюта күні» бейне-презентациясымен толықтырылды.