16 қазанда Дүниежүзілік нан күні атап өтіледі. Нан-адамның өмірінің, денсаулығы мен әл-ауқатының символы. Ол бізбен туғаннан қартайғанға дейін бірге жүреді. Осы күнге орай Федоров аудандық орталық кітапханасында «Ас атасы - Нан» тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған басылымдар нанның шығу тарихын бейнелейді, дәнді дақылдардың әртүрлі түрлері мен сорттары туралы, сонымен қатар нан өндіру технологиясы туралы әңгімелейді. Сондай-ақ нан өсіру туралы және Федоровский ауданының осы күрделі еңбек адамдары туралы кітаптар. Көрменің жеке бөлімі орыс және шетелдік аспаздық рецепттерге, нан-тоқаш және ұн өнімдерінің заманауи рецептеріне арналған.






