Олардың мемлекет аймағында тұрып жатқан халық үшін маңызы зор. Біздің өңірімізде де сыйынуға болатын нысандардың бар екендігі туралы көбісі ойлана бермейді. Қостанай өңірі қасиетті жерлер мен тарихи нысандарға бай. 8 ақпанда Орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары №4 ОМ жоғары сынып оқушыларымен өткізген «Қостанай облысының киелі жерлері» танымдық сағатында біздің өңіріміздің тарихи, аңызға айналған жерлерімен таныстырды. Болашақта жас ұрпақ Қазақстанның табиғи деректерін әлемдік қауымдастықта таныстыруы керек. Іс-шара презентациямен және бейнероликпен өткізілді.