6 шілде күні Қазақстанда мемлекеттік мереке-Астана күні атап өтіледі. Бұл мерекеге «Нұр-сұлтан: тарих және қазіргі уақыт» медиа-саяхаты арналған. Саяхат барысында Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары елордамыздың бүгіні мен өткені, еліміздің бас қаласының тәуелсіздігінің нышаны ретіндегі мәртебесі туралы әңгімеледі. Әлемнің үздік сәулетшілері жасаған ерекше келбетке көп көңіл бөлінді. Бүгінгі таңда Нұр-сұлтан Қазақстанның маңызды мәдени және ғылыми орталығы, оның визит карточкасы болып табылады.





