23 мамырда Баннов модельді ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Баннов а/о әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерімен және келушілермен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ел» дөңгелек үстелін өткізді. Кітапханашы жиналғандарға ҚР соңғы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі бойынша нәтижелі жұмыстар туралы айтып берді. Бас маман И.Хачай мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ашықтығын қамтамасыз ету және бақылау туралы дәріс оқыды. Баннов а/о әкімі Қ.Валиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру туралы баяндама оқыды. Дөңгелек үстел соңында мынадай шешім қабылданды: ең бірінші өзіңнен бастау. Мәселелерді адал шешу. Белсенді өмірлік ұстанымға ие болу, сыбайлас жемқорлық көрінісі үшін кеңістікті тарылту үшін барлық күш-жігерді жұмсау.






