18 мамыр күні Федоров орталық аудандық кітапханасында мәдениет және спорт қызметкерлері облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Нугурбеков Нурикан Кажмухановичпен кездесуі өтті. Ол деструктивті діни ағымдар, олардың айналадағылар үшін қызметінің белгілері мен қауіптілігі туралы мәселені ашып, дәстүрлі діни ұйымдардың, сондай-ақ заңсыз экстремистік бірлестіктердің қызметіне қысқаша сипаттама берді.Нурикан Кажмуханович қоғамның рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі мемлекеттік мекемелердің рөліне ерекше назар аударды. Кездесуді «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Бақытжанов Болат Арманұлы қорытындылады.






