«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Жұма, 16.05.25

14 наурызда қазіргі Кравцова ауылы деп аталатын, Федоров ауданы Старожиловка ауылында дүниеге келген Кеңес Одағының Батыры Кравцов Григорий Михайлович (1922-1945) туғанына 100 жыл толды.Бұл күні Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары қоғам өкілдері:Резник Артем Сергеевич – «Аманат»партиясы аудандық филиалының төрағасы, Шашкова Зоя Андреевна – Мемлекеттік мекеме қызметкерлері кәсіподақтарының Федоров аудандық комитетінің төрайымы, Волоткевич Татьяна Марковна – Ардагерлер кеңесінің төрайымы  және басқаларымен бірлесіп батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.  Ескерткіш орталық алаңда, Г.М.Кравцовтың есімімен аталатын көшеде орналасқан.