«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 17.12.25

Қыздар, қыздар сұлу қыздар!

Субота, 05 березня 2022

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Четыре сезона» клубының қатысушыларына «Қыздар, қыздар сұлу қыздар!» тақырыбында шығармашылық кездесу дайындады. Кітапханаға келген әйелдер қауымы бір-бірімен қуана әңгімелесіп, кітапханашылар дайындаған ойындар мен конкурстарға қатысты. Т.В. Пилипенко және Е. Литвинова өздерінің хоббиі туралы айтып, қатысушыларға «Тильда» техникасымен байланысты жасанды гүлдер мен ойыншықтар жасау бойынша мастер - класс өткізді. Мерекелік атмосфера танымал музыкамен әдемі музыкалық бейнеклиптермен толықтырылды.  Іс-шара тәтті шай ішумен аяқталды. Жылы кездесу есте қалу үшін шақырылған қонақтарға кәдесыйлар табысталды.