Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «Әлемді үлкен кітапханаға айналдырайық» буккроссингіне қатысу үшін орталық аудандық ауруханада кітап бұрышын безендірді. Үстелдерге орналастырылған жарнамалық парақшалар бұл қозғалыстың негізгі мақсаты кітап алмасу екенін айтады. Қалаған адам сүйікті әдебиеттерімен бөлісе отиырып, жаңа басылымдарды ала алады, бұл үшін оларға ақы төлеудің қажеті жоқ және кітапханаға барудың да қажеті жоқ. Ауданның көптеген тұрғындары үшін бұл әдіс өте ыңғайлы болды, өйткені сіз ауруханаға бару арқылы кітапты да оқуға ала аласыз. Келушілер кітаптарды қуана таңдады. Буккроссингтің ұраны: «Кітапты оқысаң-басқасына бер!».