Наурыз айының шығарылымы «Күнтізбе беттеріне саяхат. Наурыз» ғарышкер-әйелдер Валентина Владимировна Терешкова, әнші, Қазақстанның Халық әртісі Жамал Омарова, жазушы Амантай Байтанаев, композитор, Қазақстандағы хор әнінің негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Бақытжан Байқадамов, Кеңес Одағының Батыры Григорий Михайлович Кравцов, орыс жазушысы Валентин Распутин, қазақ әдебиетінің классигі, Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсірепов, орыс жазушысы Дмитрий Васильевич Григорович және т.б. әйгілі, аса көрнекті тұлғалардың мерейтойларына арналған. Кітапханашы барлық пайдаланушыларды Алғыс айту күнімен, Қазақстан халықтарының Ассамблея Күнімен, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығымен құттықтады, бұл мерекелер 1 наурызда аталып өтіледі және осы алғашқы көктем айының халық ырымдары туралы баяндады.
Сілтеме: https://ok.ru/video/3970013071958