9 ақпан - қазақстандық жастар күні. Жастар-кез келген ұлтты сақтау мен дамытудың негізгі ресурсы, сондықтан оның кәсіби және жеке өсуі үшін оңтайлы жағдай жасау маңызды. «Парасат Жолы» орталығында Федоров ауылының Жастар ресурстық орталығының заңгері Татьяна Александровна Шмаревамен «Жастар әлемі: әр түрлі қызықтар жайында» тақырыбында кездесу өтті. Татьяна Александровна жастармен жұмыс қай бағытта жүргізіліп жатқанын және ауданның жастар ұйымдары қандай жұмыс жүргізіп жатқанын айтып берді, сондай-ақ Қазақстан жастарына өздерінің зияткерлік және инновациялық әлеуетін қолдану үшін кеңістікті нақты белгілеуге көмектесу қажет екендігіне баса назар аударды.
Сілтеме: https://ok.ru/video/3906173667926