«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 15.05.25

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен елімізде 2007 жылдан бері «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілік-патриоттыққа тәрбиелеу, ана тілін құрметтеуге үйрету. 2022 жылы қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, тіл жанашыры, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист, реформатор, «Алаш» партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толады(1872-1937). Биылғы жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-әдеби шығармашылығына арналған.

2022 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша ел халқы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша зерттейтін болады:

-  «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»;

-  «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»;

-  «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері мен өнері»;

-  «Қазіргі ғылымдағы Байтұрсынұлын тану».