Тәуелсіз өмір сүрген 30 жыл ішінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықта дербес, қуатты мемлекет мәртебесіне қол жеткізген өркендеген елге айналды. Федоров орталық аудандық кітапханасында ресімделген «Даму мен қалыптасудың 30 жылы» тақырыбында кітап көрмесі еліміздің өмірі мен халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы жетістіктеріне арналған. Көрмеде мемлекеттің қалыптасуының әр түрлі кезеңдеріне сәйкес келетін, елдің егемендігі тарихының маңызды сәттері – ЕҚЫҰ-ға кіруі; Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға кіруі; ҰҚШҰ, АӨСШК құру, ХВҚ, ИКАО, ЭЫҰ-ға кіруі туралы баяндайтын кітаптар ұсынылды.





