Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдық мерейтойына орай Федоров орталық аудандық кітапханасында «Ел рәміздері – тәуелсіздік рәміздері» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы қадамдарының бірі-өзінің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын алу болды. Қазақстандық мемлекеттік рәміздер-бұл тек көркем образдар ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тәуелсіздік, демократия және патриотизм идеясының жаршысы. Көрмеде мемлекеттік рәміздердің авторлары мен құрылу тарихы туралы материалдар ұсынылды.