«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 15.05.25

Терроризмсіз болашақ, болашақсыз терроризм

25.01.2022

Қазіргі уақытта терроризм қазіргі әлемдегі адамзат қауіпсіздігінде басты қауіп-қатердің бірі болып табылады. Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі балалар мен ересектер терроризммен күресу ғана емес, оның пайда болуының алдын алу әлдеқайда маңызды және тиімді екенін білуі керек. Тек  бәріміз біріккеннен кейін ғана біз терроризмге қарсы тұра аламыз. Федоров орталық аудандық кітапханасында оқырмандарды әлемдегі лаңкестік әрекеттерді, оқиғалар хроникасын және терроризммен күрес шараларын сипаттайтын басылымдармен таныстыратын «Терроризмсіз болашақ, болашақсыз терроризм» тақырыптық сөресі безендірілген. Баспасөз клипингтерінен Қазақстанның осы күрестегі рөлі туралы біздің еліміздің аумағында да, шетелде де білуге болады. Ақпарат қиын және қауіпті жағдайда сауатты шешім қабылдауға, қиындықтардан аулақ болуға, өз өмірін сақтауға және басқа адамдардың өмірін сақтауға көмектеседі.