Көптеген оқиғалар мен маңызды күндер назардан тыс қалады, өйткені адамдар олардың бар екенін білмейді немесе олар туралы ұмытып кетеді. Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары күндер мен оқиғаларды еске түсіру мақсатында «Оқиғалар күнтізбесі» онлайн – жобасын іске қосты, оның көмегімен пайдаланушыларға танымал жазушылардың, ақындардың және олардың шығармаларының маңызды даталары мен мерейтойларымен, сондай-ақ күнтізбенің халықтық белгілерімен танысуға мүмкіндік береді. Қаңтар айындағы шығарылым А. Байтұрсыновқа, Умберто Эко, Ж. Б. Мольерге, С. Дангуловқа, В. П Катаевқа, Л. Кэрролға, Р. Казаковаға және т. б. арналды.