Көктемгі жаңару мерекесін тойлау осы күнге дейін жалғасып келеді. Ұлыстың ұлы күні көпұлтты еліміздің халқы бір шаңырақ астында жиналады. 19 наурызда Орталық аудандық кітапханасында«Армысың, жаңа күн: Наурыз - мейрамы» ұлттық салт-дәстүрлер сағаты өткізілді. Іс-шара қонақтары «Федоров ауданының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, кітапхана оқырмандары болды. Іс-шара басында кітапханашылар барлығын Наурыз мерекесімен құттықтады, салт-дәстүрлер туралы айтты, мереке күні дайындалатын ұлттық тағамдар туралы айтылды. «Наурыз мерекесінің пайда болу тарихы» бейнеролигі, ойналған күй, «Бесікке салу» дәстүрі, шашу, мерекелік іс-шараның көркін ашты. Танымдық ойындар мен сайыстар іс-шараға келген қонақтардың көңіл-күйін көтерді. «Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі» кітап көрмесі әдебиеттер мен қолөнер бұйымдарының үйлесімділігімен келген қонақтардың қызығушылығын танытты.