Федоров орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары пайдаланушылар арасында өз денсаулығына ұқыпты қарауды насихаттайды. 23 қарашада «Денсаулық әліппесі» Федоров орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты Шұғырмақов Сыздық Қайырлыұлымен кездесті. Ол неліктен дәрігер мамандығын таңдағанын, жұмыс барысында кездесетін қиындықтармен бөлісіп, ұзақ жылдар бойы денсаулықты қалай сақтау керектігін айтты. «Менің түсінігімде салауатты өмір салты – бұл өз денеңді тыңдай білу, денсаулығыңды, дұрыс тамақтануын қадағалай білу, таза ауада көбірек серуендеу, жүйке жүйесін күту», - дейді Сыздық Қайырлыұлы. Кездесу соңында ол баршаға денсаулық тіледі.
Сілтеме: https://ok.ru/video/3493963043158