«Время Ч» библио-гидінің кезекті саны Қазақстан өнері туралы әдебиеттерге арналған. Кітапханашы өнердің қандай түрлері бар екенін, адамзат ежелден өнердің сан алуан түрлерін шындықты бейнелеу және тану тәсілі ретінде пайдаланып келе жатқанын айтты. Кітапханада сәулет, кескіндеме, мүсін, музыка, театр, кино өнері, сондай-ақ көрнекті отандық мәдениет және өнер қайраткерлері, Қазақстан Республикасының мұражайлары туралы әңгімелейтін әдебиеттер көп.