«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Бейсенбі, 15.05.25

Қазақстанның тәуелсіз туы астында

25.10.2021

Новошумный ауылдық кітапханасында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны аясында 9 сынып оқушыларымен «Қазақстанның тәуелсіз туы астында» патриоттық сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: өз Отанының лайықты патриотын тәрбиелеу, Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктерін көрсету. Іс-шараға педагогикалық еңбек ардагері Панов О.И.шақырылды. Іс-шара «Менің Отаным– Қазақстан!»презентациясын көрсетуден басталды, сонан соң Ольга Ивановна өте қызықты және танымды тәуелсіздік жылдарындағы ауылдың дамуы туралы әңгімелеп берді. Әңгіме «Суреттерде ауыл тарихы»бейнеролигімен сүйемелденді. Кездесу өте жақсы өтті, балалар үлкен қызығушылықпен тыңдады, сұрақтар қойды және өз ауылдары туралы  көп нәрсе білді. Соңында кітапханашы «Тәуелсіздікке 30 жыл»кітап  көрмесіне шолу жасады.