13 қазан күні орталық аудандық кітапхана «Парасат жолы» аясында әлеуметтік желілерде «Ежелгі Қазақстандағы мемлекет және құқық бастаулары» тақырыбында тарих сағатын жариялады. Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы жалы білім беретін мектептің тарих пәнінің оқытушысы Әнуар Бүрлен шақырылды. Ол ежелгі уақыттағы мемлекет пен құқық туралы айтты. Қазіргі Қазақстан аумағындағы адамдардың тыныс-тіршілігін басқару үшін өткен екі мың жылдан астам уақыт ішінде тарих қойнауында негізгі заңдарға бағынатын, оларға тән құрылғылары мен қоғамдық қатынастары бар түрлі саяси жүйелердің қалыптасуының басталғанын атап өтті.