«Парасат жолы» аясында онлайн кездесу
Федоров орталық кітапханасы жанынан құрылған «Парасат жолы» орталығында бұрынғы әдебиет пәнінің мұғалімі, филолог, «Федоровские новости» газетінің корректоры, жергілікті жазушы Величко Татьяна Романовнамен «Әдеби кейіпкерлер үлгісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеудегі отбасының рөлі» тақырыбында кездесу өтті. Татьяна Романовна әр түрлі тарихи кезеңдерде сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарас бірдей-кері және көптеген көркем шығармалар үшін өзекті тақырып болғанын қызықты әрі тартымды түрде айтып берді. Ресейдегі парақорлық пен бопсалауды өз шығармаларында А.П. Чехов, Н.В. Гоголь, М. Е. Салтыков - Щедрин, И. И. Лажечников, А. В. Сухово-Кобылин және басқалары жырлап өтті. А. Н. Островскийдің пьесаларында мемлекеттік аппараттағы өз қызметін теріс пайдалану мәселесі қойылған. «Қайта туылған» кеңес қызметкерлерінің жарқын көркем бейнелерін В.Маяковский, И.Ильф пен Е.Петров, М.Зощенко, М.Булгаков және басқа авторлар жасады.
Сілтеме: https://youtu.be/Ph7JFjRHsBs