«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйесі» КММ

Сәрсенбі, 14.05.25

Book - презентациясы

  Федоров орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары бос уақытты өткізудің жаңа форматтарын ұйымдастыру арқылы жастарды оқуға тарту мақсатында «Үздікті оқыңыздар» тақырыбында бук-презентация дайындады. Жақсы кітап әрқашан адамды тәрбиелейді, оған ең жақсы қасиеттерді үйретеді, жақсылыққа, жанашырлыққа, шыдамдылыққа, түсіністікке үйретеді. Кітап оқу адамның кәсіби өсуі мен жан-жақты дамуы үшін көп сатылы білім алу мүмкіндігі мен қажеттілігімен байланысты. Бук-презентацияда жас оқырмандарға классика мен заманауи авторлардың шығармалары, проза, поэзия, көркем әдебиет, өнер, психология, шытырман оқиғалы, романтикалық және т. б. тақырыптардағы әдебиеттер ұсынылды.

Сілтеме: https://youtu.be/bQDdRrU2Eak